Accessibility links

АҚШ: 11 қыркүйек шабуылына 15 жыл толды


Нью-Йорктегі терроршылардың ұшақпен жасаған шабуылынан құлаған дүниежүзілік сауда орталығы ғимараттарының орнында жасалған мемориал. (Көрнекі сурет.)
Нью-Йорктегі терроршылардың ұшақпен жасаған шабуылынан құлаған дүниежүзілік сауда орталығы ғимараттарының орнында жасалған мемориал. (Көрнекі сурет.)

АҚШ-та 2001 жылғы қыркүйектің 11-і күні жасалған террорлық шабуылдарға биыл 15 жыл толды. Жанкешті терроршылар төрт жолаушы ұшағын басып алып, оларды Нью-Йорк пен Вашингтондағы ғимараттарға шабуылға пайдалануды жоспарлаған.

Екі ұшақ Нью-Йорктегі дүниежүзілік сауда орталығына бірінен соң бірі соғылған, үшінші жолаушылар ұшағы Пентагонның ғимаратын нысана еткен. Ал төртінші ұшақтағы жолаушылар терроршыларға қарсылық көрсетіп, ұшақ Пенсильвания штаты аумағына құлаған.

«11 қыркүйек оқиғасы» деген атауға ие болған бұл террорлық шабуылдар салдарынан барлығы үш мыңға жуық адам, соның ішінде америкалықтармен бірге әлемнің өзге де елдерінен көптеген азаматтар құрбан болған.

Осы оқиғадан кейін терроризмге қарсы күрес халықаралық саясаттың ғаламдық деңгейдегі негізгі проблемаларының біріне айналды. Көптеген елдерде қоғамдық орындар мен көліктегі қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған шаралар күшейтілді.

Құқыққорғаушы ұйымдар қауіпсіздік мақсатындағы шараларды нығайту және террористік шабуылдардың алдын алу мақсатында заң қабылдау адамның құқығы мен бостандықтарын шектемеуі тиіс деп бірнеше рет мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG