Accessibility links

АҚШ-та Рональд Рейганға оқ атқан Джон Хинкли бостандыққа шықты


Джон Хинкли.
Джон Хинкли.

АҚШ-тың 40-президенті Рональд Рейганға оқ атқан Джон Хинкли 35 жылдан соң психиатриялық емханадан шықты. Оны бостандыққа жіберу туралы қаулы қабылдаған судья 61 жастағы Хинкли қоғамға қауіп төндірмейді және оның психикалық жағдайы да жақсарған деп мәлімдеген.

1981 жылы наурыздың 30-ы күні Вашингтондағы Хилтон қонақүйі алдында Джон Хинкли сол кездегі АҚШ президенті Рональд Рейган мен оның жанындағы адамдарға тапаншадан оқ атқан. Кейін дәрігерлер Рейганның жүрегінен бір жарым сантиметрдей шеткері өтіп, өкпесіне қадалған оқты алған. Қарумен оқиға орнында ұсталған Хинклидің психикалық дертке шалдыққаны анықталып, оны мәжбүрлі түрде емдеу үшін Впшингтондағы психиатриялық ауруханаға жатқызған.

Емханадан шыққан Джон Хинкли енді Вирджиния штатында тұратын қарт анасымен бірге тұратын болады. Оған аптасына үш күн еңбек ету міндеттелген, сонымен бірге оған журналистермен сөйлесуге тыйым салынған. Хинкли айына екі рет психиатрға қаралып тұруы тиіс.

1981-1989 жылдар аралығында АҚШ президенті болған Рональд Рейганның Совет одағы мен Шығыс Еуропа елдерін демократияландыру процестеріндегі атқарған ролін СССР-дің тұңғыш әрі соңғы президенті Михаил Горбачев жоғары бағалаған еді.

XS
SM
MD
LG