Accessibility links

Раушан Қойшыбаева - паралимпиаданың күміс жүлдегері


Раушан Қойшыбаеваның медаль алған сәті. Рио-де-Жанейро. 11 қыркүйек 2016 жыл. (Суретті Қазақстан паралимпиада комитеті ұсынды.)
Раушан Қойшыбаеваның медаль алған сәті. Рио-де-Жанейро. 11 қыркүйек 2016 жыл. (Суретті Қазақстан паралимпиада комитеті ұсынды.)

Риода өтіп жатқан паралимпиада ойындарында қазақстандық Раушан Қойшыбаева пауэрлифтингтен әйелдер арасында 67 килограмм салмақ дәрежесінде күміс медаль иеленді.

Ол 113 килограмды көтерді. Алтын жүлдені 135 килограмм көтеріп, әлем рекордын орнатқан қытайлық Тан Юяо жеңіп алды. Ал қола медальды 108 келі көтерген египеттік Махмуд Амал еншіледі.

Бұл - Қазақстанның биылғы паралимпиададағы екінші жүлдесі. Осыған дейін 100 метрге еркін әдіспен жүзуде Зүлфия Ғабидуллина алтын алған. Қазір Қазақстан бір алтын, бір күміспен жалпы есепте 38-орында тұр. Паралимпиада 18 қыркүйекте аяқталады.

XS
SM
MD
LG