Accessibility links

Қазақстанда Құрбан айт мейрамы басталды


Құрбан айт намазы. (Көрнекі сурет.)
Құрбан айт намазы. (Көрнекі сурет.)

Қазақстанда бүгін таңертең қалалар мен ауылды жерлердегі мешіттерде айт намазы оқылды. Әлемде мұсылмандар Құрбан айт мейрамын үш күн бойы тойлайды.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев халықты Құрбан айт мерекесімен құттықтады. «Осынау қасиетті мереке күндері әрбір отбасына бейбітшілік пен келісім, амандық және құт-береке тілеймін!» делінген президенттің құттықтауында.

Жыл сайын мұсылман күнтізбесі бойынша зуль-хиджа айының оныншы жұлдызында басталатын Құрбан айтта құрбан шалу – мұсылманға парыз саналады.

Айт мейрамы кезінде мұсылмандар бір-бірін құттықтап, жақын-туыстарының үйін аралайды. Осы күні әр мұсылманның үйінде мерекелік дастархан жайылады.

Құрбан айт мейрамы Қазақстанда демалыс күні болып белгіленген.

XS
SM
MD
LG