Accessibility links

Ташкенттегі мешітке Ислам Каримов есімі берілмек


Ташкенттегі Ислам Каримов есімімен аталмақ көне мешіт.
Ташкенттегі Ислам Каримов есімімен аталмақ көне мешіт.

Өзбекстанның ең көне мешіттерінің бірі 2 қыркүйек күні 78 жасында қайтыс болған президент Ислам Каримовтың атымен аталмақ.

Президент Каримовтың қызы Лола Каримова-Тилляева Facebook парақшасында 2015 жылы өрт шалған осы Ташкент мешітін қайта қалпына келтіру жұмыстарын күйеуі екеуі жүргізгенін жазған.

«Ғұламалардың және қоғамның ұсынысымен мешіттің аты Өзбекстанның бірінші президенті, менің әкем Ислам Каримовтың құрметіне «Ислом ота» болып өзгертіледі деп шешілді», - деп жазады Facebook желісінде Лола Каримова-Тилляева.

Өзбекстанды 27 жыл билеген Ислам Каримов барлау және арнайы қызметтердің күшімен елде өзіне қарсы келгендерді жаныштап отырды. Ресми ақпарат бойынша, ол 2-қыркүйек күні миына қан кетіп қайтыс болды. Каримов 3-қыркүйекте Самарқанға жерленді.

XS
SM
MD
LG