Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев елде дін істері және азаматтық қоғам министрлігін құруға қаулы етті.
Жаңа министрлікке мәдениет және спорт министрлігінен – діни бірлестіктермен өзара іс-қимыл, діни сенім бостандығына азаматтардың құқықтарын қамтамасыз ету, мемлекет пен азаматтық сектордың өзара іс-қимылы салаларындағы; білім және ғылым министрлігінен – жастар саясаты саласындағы функциялары мен өкілеттіктері берілмек.
Дін істері және азаматтық қоғам министр болып Нұрлан Ермекбаев тағайындалды.