Accessibility links

WADA: Ақпараттар базасын Ресей хакерлері шабуылдаған


Квабектегі WADA ғимараты.
Квабектегі WADA ғимараты.

Бүкіләлемдік антидопинг агенттігі (WADA) өзінің ақпараттар базасына ресейлік хакерлер шабуыл жасағанын мәлімдеді. Агенттіктің дерегінше, атлеттердің құпия медициналық ақпараттары жиналған құжаттарды Fancy Bear тобы шабуылдаған. Хакерлік топ ұрланған құжаттардың жартысы интернетте жарияланып кеткенін айтқан.

WADA шабуыл жасалған компьютер Халықаралық олимпиада комитетінің (ХОК) базасымен байланыста болған.

Бір жыл бұрын Fance Bear басқа хакерлік топтармен бірігіп, АҚШ-тың Демократиялық партиясының компьютерлеріне шабуыл жасағаны хабарланған.

Биыл WADA Ресейде допинг қолдану мемлекет тарапынан қолдау тапқан деп айыптаған. Ал ХОК бұл елдің біраз спортшысын Рио олимпиадасынан шеттеткен. Халықаралық паралимпиада комитеті Ресейді тұтас Рио паралимпиадасына қатыстырмай тастаған.

XS
SM
MD
LG