Мәскеудегі типографияның өрт қауіпсіздігіне жауапты инженері Антон Яцков өз еркімен полицияға берілген. Бірақ тергеу комитеті оның кінәсін мойындамай отырғанын хабарлады.
Ал «Печатный экспресс» баспаханасының бас директоры Сергей Москвин 6 қыркүйекте ұсталған. Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров өртке кінәлілар қатаң жазаланатынын айтты.
Тамыздың 27-сі күні Мәскеудегі «Печатный экспресс» баспаханасының қоймасындағы өрттен 17 адам (оның 14-і – қырғыз азаматшалары) қаза болған еді. Құрбан болғандардың ең үлкені 45 жаста, ең кішісі – әлі 17 жасқа да толмаған. Олардың арасында бір әйелдің аяғы ауыр болған.
Қырғызстандық 14 әйелдің тек екеуінің ғана Ресей билік орындары берген заңды құжаты болған. Сонымен бірге ол баспахананы өртке қарсы қызмет орындары соңғы төрт жыл бойы тексермегені анықталған.
Мигранттармен жұмыс істейтін мамандардың мәліметі бойынша, соңғы бес жылда Ресейде әртүрлі себептермен бір жарым мыңға жуық Қырғызстан азаматы мерт болған.