Accessibility links

Дзюдодан Қазақстан әйелдер құрамасын моңғолиялық маман жаттықтырады


Балуан Галбадрах Отгонцэцэг (сол жақта) пен жаттықтырушысы Энхбаатар Дашжамц (оң жақта).
Балуан Галбадрах Отгонцэцэг (сол жақта) пен жаттықтырушысы Энхбаатар Дашжамц (оң жақта).

Дзюдодан моңғолиялық маман Энхбаатар Дашжамц Қазақстан әйелдер құрамасының аға жаттықтырушысы болып тағайындалды. Бұл туралы Қазақстан дзюдо федерациясы хабарлады.

Энхбаатар Дашжамц - Қазақстан атынан Рио олимпиадасынан қатысып, қола медаль алған Галбадрах Отгонцэцэгтің жеке бапкері. Енді ол толық Қазақстан әйелдер құрамасын жарыстарға дайындайды. Ал осыған дейін бас бапкер Жәкен Саламатов қызметінен босатылды.

Биылғы Рио олимпиадасында Қазақстан үш күміс, бес күміс, тоғыз қоламен 22-орын алған. Дзюдо құрамасы бір күміс, бір қола иеленді.

XS
SM
MD
LG