Accessibility links

Өзбекстанда Мирзияев жаңа министрлерді тағайындады


Өзбекстан туы
Өзбекстан туы

Өзбекстан президенті міндетін атқарушы Шавкат Мирзияев Абдулла Ариповты вице-премьер етіп тағайындады. Арипов бұл қызметте төрт жыл бұрын істеген. Бірақ ол 2012 жылы тамызда ресейлік "МТС" телекоммуникациялық компаниясына "Уздунорбита" компаниясының лицензиясын бергенде пара алды" деп айыпталып, қызметінен кеткен.

2012 жылы «Уздунорбита» компаниясы Өзбекстанның көз жұмған президенті Ислам Каримовтің үлкен қызы Гүлнара Каримованың иелігінде болған. Кейін бұл компания заңсыз жұмыс істеді деген айыппен жұмысын тоқтатып, Гүлнара Каримова үйқамаққа алынған.

Кеше Мирзияев Рустам Касимовты - білім министрі, Рустам Азимовты қаржы министрі етіп тағайындады.

XS
SM
MD
LG