Accessibility links

Ресей мен Тәжікстан әскері оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр


Тәжікстан әскерилері.
Тәжікстан әскерилері.

Душанбенің оңтүстік-батысындағы Ляур полигонында Ресейдің 201-бөлімшесі мен Тәжікстан қарулы күштерінің біріккен оқу-жаттығу жиыны өтіп жатыр.

Тәжікстан қорғаныс министрлігі баспасөз қызметінің өкілі Джамшед Хусейновтың айтуынша, оқу-жаттығу жиынына екі елден 800 солдат пен 200 техника қатысып жатыр.

Жаттығудың мақсаты - экстремизм мен терроризмге қарсы тұру. Оқу-жаттығу жиыны 13 қыркүйекте басталған. 16 қыркүйекте аяқталады. Бұл - Ресей мен Тәжікстан әскерінің биылғы алғашқы біріккен жаттығуы жиыны.

XS
SM
MD
LG