Accessibility links

Қазақстан FIFA рейтингінде 83-орында


Қазақстан құрамасы
Қазақстан құрамасы

FIFA (Халықаралық футбол федерациялары ассоциациясы) жариялаған жаңа әлемдік рейтингте Қазақстан 13 саты жоғарылап, 83-орынға көтерілді.

Қазақстан құрамасы 2018 жылғы әлем чемпионатына іріктеу турнирінде Польшамен 2:2 есебімен тең түскен. Осы нәтиже үшін FIFA Қазақстанға 52 ұпай берген.

Рейтингте алғашқы ондыққа Аргентина, Бельгия, Германия, Колумбия, Бразилия, Чили, Португалия, Франция, Уругвай, Уэльс енген. Ал Ресей 38-орында, Украина 29-орында тұр.

Қазақстан маусымдағы рейтингте 112-орында, шілдеде 97-орында болған. Келесі рейтинг 20 қазанда жарияланады.

XS
SM
MD
LG