Accessibility links

Ақмола облысының соты миграция ережесін бұзғаны үшін Өзбекстанның 19 азаматын үш күнге қамау туралы шешім шығарды. Облыстық соттың баспасөз қызметінің хабарлауынша, әкімшілік іс Аршалы аудандық сотында қаралған.

Сот таратқан ақпаратта Өзбекстан азаматтарының қай күннен бастап қамауға алынғаны көрсетілмеген.

Соттың баспасөз қызметі Өзбекстан азаматтары биыл Қазақстанға әр түрлі уақытта кіріп, ішкі істер органдарына тіркеуге тұрмаған. Қазақстан заңы бойынша Қазақстанға келетін иммигранттар елге кірген соң тіркеуге тұруы тиіс. Ұсталғандар өз кінәларын мойындаған.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG