Пәкістанда екі пойыз соқтығысып, алты адам мерт болып, 150 адам жарақат алған. Апат 15 қыркүйекте Мултан қарасында болған.
Жергілікті Geo TV арнасының хабарлауынша, Пешавардан Карачиге келе жатқан жолаушылар пойызы мен жүк пойызы соқтығысқан. Жол кестесіне сай жүк пойызы бұл жолда болмауы керек еді. Апаттан жолаушылар пойызының төрт вагоны рельстен шығып кеткен.