Accessibility links

Украиналық екі азамат сепаратистер тұтқынынан босады


Украина президенті Петр Порошенко.
Украина президенті Петр Порошенко.

Украинаның екі азаматы сенбі күні сепаратистер тұтқынынан босатылды деп хабарлады Украина президенті Петр Порошенко.

Әңгіме Луганск облысының тұрғыны Владимир Жемчугов пен БҰҰ миссиясы қызметкері Юрий Супрун туралы болып отыр. Бұған дейін баспасөз құралдары биліктің тұтқындағы азаматтарды украиналық арнайы қызмет ұстаған сепаратистерге айырбастауды жоспарлап отырғаны туралы хабарлаған. Киевте бұл ақпаратқа комментарий бермеген еді.

Жемчуговты 2015 жылы сепаратистер ұстап, оған темір жолды жарып жібермек болған деген айып таққан. Супрунды өзін өзі жариялап алған «Донецк халық республикасы» жасағы «диверсия жасамақ болған» деген күдікпен ұстаған.

XS
SM
MD
LG