Accessibility links

Алматыда алма жәрмеңкесі өтті


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Алматыда қала күні мерекесі құрметіне «АЛМАfest-2016» алма жәрмеңкесі өтіп жатыр. 2010 жылдан бері өткізіліп келе жатқан фестиваль бір кездері әйгілі апортымен аты шыққан қалада даңқты алма тұқымдарын қайта жаңғыртуды мақсат етеді. Бүгінгі жәрмеңкеге Алматы облысындағы 33 шаруашылық алманың 26 түрін әкелді.

Қала билігі бұл фестивальді Алматының 1000 жылдық мерейтойымен орайластырып өткізіп отыр. 2009 жылы Алматы қаласының 155 жылдығы ресми түрде атап өтілген. Тарихи деректерде осы жерге 1854 жылы ежелгі қоныс орнына әскери бекініс салынып, ол уақыт өте келе Верный қаласына айналғаны айтылып келген.

Бірақ кейінгі жылдары жергілікті тарихшылар Алматының 2000 жылдық тарихы бар деп мәлімдеген. Бұдан бірнеше жыл бұрын Алматы маңындағы Алмарасан қонысын қазу кезінде 13-ғасырда соғылған, «Алматы» деген жазуы бар теңгелер табылғаны жарияланған.

Алматыда қыркүйек айының үшінші жексенбісінде қала күні мерекесі тойланады деп жоспарланған.

XS
SM
MD
LG