АҚШ-тың Миннесота штатындағы Сент-Клауд қаласында сенбі күні пышақпен қаруланған ер адамның шабуылынан кемінде сегіз адам жараланған. Кейін күдіктіні полиция атып өлтірген деп хабарлады CBS телеарнасы.
Сент-Клауд полициясының басшысы Уилльям Блэр Андерсонның айтуынша, үстіне жеке күзет фирмасы қызметкерінің киімін киген күдікті шабуыл кезінде Алланы атап, айғайлаған. Құқық органдары қылмыстың себептерін анықтап жатыр.
Сенбі күні кешкісін Нью-Йорктің Челси ауданында қоқыс салатын жәшікке орналастырылған бомба жарылысынан 30-ға жуық адам зардап шеккен. Оның алдында Нью-Джерси штатындағы Сисайд-Парк қаласында марафон өтетін жерде қолдан жасалған бомба жарылғаны туралы ақпарат тараған. Ол жарылыстан ешкім зардап шекпеген.