Accessibility links

Францияның бұрынғы президенті Жак Ширак ауруханаға түсті


Францияның экс-президенті Жак Ширак.
Францияның экс-президенті Жак Ширак.

Францияның бұрынғы президенті Жак Ширак Парижде ауруханаға түсті деп хабарлады саясаткердің туыстарына сілтеме жасаған AFP агенттігі.

Мароккоға отбасымен бірге демалуға барған 84 жастағы Ширакты ол елден Парижге жеке ұшақпен жеткізген. Агенттіктің хабарлауынша, дәрігерлер оның өкпе инфекциясына шалдыққанын анықтаған.

Жак Ширак – Францияның 22-президенті. Ол билікте болған кезде президент өкілеттігінің мерзімі 7 жылдан 5 жылға қысқартылған. Президент болғанға дейін Ширак 18 жыл бойы Париж мэриясын басқарған.

XS
SM
MD
LG