Accessibility links

Өзбекстан Унгар-Тоо аймағындағы милицияларды кері қайтарды


Унгар-Тоо радиостанциясы.
Унгар-Тоо радиостанциясы.

Өзбекстан 18 қыркүйекте Қырғызстанмен шекаралас Унгар-Тоо аймағындағы күзетте тұрған милиция қызметкерлерін кері қайтарды Қазір Қырғызстан мен Өзбекстан арасындағы шекара ашылды. Бұл туралы Қырғызстан шекара қызметінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

22 тамызда шекараның даулы аймағындағы Ункур-Тоо тауында орналасқан ретрансляция станциясына жақын Ми-8 тікұшағынан Өзбекстан ішкі істер министрлігінің бірнеше қызметкері түсірілген. 24 тамызда Қырғызстан шекара қызметі станцияның төрт қызметкерін Өзбекстанның Янгикурган аудандық ішкі істер бөліміне алып кеткенін хабарлаған.

Өзбекстан Қырғызстанмен арадағы даулы шекара бөлігін өзінің территориясы" деп, онда ұстаған төрт қырғыз азаматын "Өзбекстанға заңсыз кірген" деп атаған.

8 қыркүйекте Өзбекстан ұсталған радиореле станциясының төрт қызметкерін Қырғызстанға қайтарған.

XS
SM
MD
LG