Accessibility links

Атамбаев жүрегі ауырып, БҰҰ жиына бара алмай қалды


Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев.
Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев.

Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев жүрек сырқатына байланысты Нью-Йоркте өтетін БҰҰ Бас Ассамблеясының 71-сессиясына қатыспайды. Бұл туралы президенттің баспасөз қызметі хабарлады.

Атамбаев мінген ұшақ Стамбулдағы Ататүрік әуежайында қонғанда ол өзін жайсыз сезініп, оған алғашқы медициналық көмек көрсетілді.

Дәрігерлер кеуде тұсы ауырып, көмекке жүгінген Атамбаевқа тез арада мұқият медициналық тексеруден өтуі керектігін мәлімдеді. Қырғызстан президенті баспасөз қызметінің хабарлауынша, Атамбаев "Стамбулда біраз уақыт дәрігерлер қарауында болады".

Осы оқиғаға байланысты Президент Алмазбек Атамбаев дереу медициналық тексеруден өтіп, біраз уақыт дәрігерлер қарауында болады.

Нью-Йорктегі БҰҰ Бас Ассамблеясының сессиясына Қырғызстан делегациясын сыртқы істер министрі Эрлан Абдылдаев бастап барады.

XS
SM
MD
LG