Accessibility links

Грекияның Лесбос аралында босқындар тұрып жатқан лагерьде өрт шыққан. Өрттен төрт мыңға жуық адам лагерьді тастап кетуге мәжбүр болған. Өрт салдарынан босқындар тұрып жатқан шатырлар мен уақытша паналау орындары қираған. Қазір полиция өрттің шығу себептерін тексеріп жатыр.

Қазіргі уақытта Грекияда 60 мыңға жуық мигрант паналап жатыр. Олардың барлығы Грекия арқылы басқа Еуропа елдеріне барғысы келеді. Сарапшылар Лесбос аралында 5600 босқын тұрып жатқанын, бірақ бұл аралда тек 2500 адамды ғана қабылдай алатынын айтады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG