Accessibility links

Министр: қазақстандықтар коммуналдық қызметтерге 5 млрд теңге қарыз


Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев.
Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев.

Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтің айтуынша, қазақстандықтардың коммуналдық қызметтер үшін бес миллиард теңгеге жуық қарызы бар. Бұл туралы министр Астанада өтіп жатқан үкіметі отырысында айтты.

Қазақпарат агенттігінің жазуынша, министр отырыста «2016 жылғы 20 қыркүйектегі жағдай бойынша тұтынушылардың коммуналдық қызметтер үшін берешегі 4,7 миллиард. теңгені құрайды. Алматы қаласы 2 миллиард теңге, Астана қаласы 957 миллион теңге, Қостанай облысы 382 миллион теңге, Оңтүстік Қазақстан облысы 290 миллион теңге, Шығыс Қазақстан облысы 280 миллион теңге қарыз" деген.

Бишімбаев жылыту маусымына дайындық жоспар бойынша жүргізіліп жатқанын және үкіметтің бақылауында екенін айтты.

XS
SM
MD
LG