Accessibility links

Матаевтар шенеуніктерден жауап алуды сұрады


Есіл ауданды №2 сотында қан қысымын тексеріп отырған Сейітқазы Матаев. Астана, 3 тамыз 2016 жыл.
Есіл ауданды №2 сотында қан қысымын тексеріп отырған Сейітқазы Матаев. Астана, 3 тамыз 2016 жыл.

Есіл аудандық №2 сотының судьясы Ақболат Құрмантаев Матаевтардың 150-ден астам куәгерден жауап алу туралы сұрауын ашық қалдырды. Бұл туралы жергілікті ақпарат құралдары хабарлайды.

Қазақстан журналистер одағының төрағасы Сейітқазы Матаев пен КазТАГ ақпараттық агенттігінің бас директоры Әсет Матаевтардың жауап алу қажеттігін айтқан 152 куәгердің арасында ақпарат және байланыс вице-министрі Сәкен Сәрсенов, «Қазақтелеком» АҚ-ның басқарма төрағасы Қуанышбек Есекеев, «Қазатомпром» АҚ-ның басшысы Асқар Жұмағалиев бар.

Сонымен бірге, байланыс комитетінің қызметкерлері мен басшылары және журналистерден жауап алу сұралған.

- Қылмыстық іс бойынша басты тергеу жұмыстары барысында сот тергеуінің жан-жақты, толымды және обьективті өтуін қамтамасыз ететін куәгерлер сұралған жоқ. Айыптау тарапының куәгерлер тізімінен ғана алынған жауап, - дейді Мадина Бакиева.

Сонымен бірге, аталған тізімде байланыс комитетінің қызметкерлері мен басшылары және журналистердің есімдері бар. Судья бұл сұрауды әзірге ашық күйінде қалдырды.

Биыл 22 ақпанда «мемлекет қаржысын жымқырған» және «салықтан жалтарған» деген күдікпен ұсталған Қазақстан журналистер одағының төрағасы Сейітқазы Матаев 24 ақпанда үйқамаққа алынған. 28 наурызда оның ұлы, ҚазТАГ ақпарат агенттігі бас директоры Әсет Матаев та үйқамаққа алынды. Әкелі-балалы Матаевтар өздеріне тағылған айыптарды жоққа шығарып, «келген зиян» туралы айыптау толыққанды аудиторлық тексеру жүргізілместен тағылғанын айтады. Мамыр айында Сейітқазы Матаевтың адвокаттары оған тағылған айып "қызмет өкілетін пайдаланып өзіне артылған сенімді теріс мақсатқа пайдаланды" деген ауыр бапқа өзгергенін хабарлаған. Әсет Матаевқа қатысты айып та осыған ұқсас өзгертілген.

XS
SM
MD
LG