АҚШ президенттігіне кандидаттар Хиллари Клинтон мен Дональд Трамп Нью-Йоркте өтіп жатқан БҰҰ Бас Ассамблеясының жиынына келген бірнеше әлемдік лидерлермен кездесті.
Клинтон Жапония премьер-министрі Синдзо Абэ, Египет президенті Абдел Фаттах әл-Сиси және Украина президенті Петром Порошенкомен кездесті.
Египет президенті әл-Сиси Клинтонмен кездесуден кейін Манхэттен орталығында Трамппен жолыққан.
Бұған дейін Трамп Клинтон мен Обаманың терроризмге қарсы саясаты әлсіз болды және соның салдарынан АҚШ-тың ішкі қауіпсіздігі әлсіреді деп айыптаған. Ал Клинтон "Трамптың сөздері "Ислам мемлекетіне" қосылуға шақырады" деп айтқан.