Accessibility links

Украина Ресейдегі сайлау нәтижесін мойындамады


Украинаның Жоғарғы Радасы
Украинаның Жоғарғы Радасы

Украинаның Жоғарғы Радасы Ресейдегі Мемлекеттік дума сайлауының нәтижесін мойындамайды. Бұл туралы ұсынысты 20 қыркүйекте "Халықтық фронт" партиясы жасап, 264 депутат дауыс берген. Украина депутаттары Ресейдің Қырымда сайлау өткізгеніне наразы.

Бұған дейін Украина сыртқы істер министрлігі Ресейді Қырымда сайлау учаскілерін ашқанын айыптап, "халықаралық құқық нормаларына қарсы әрекет" деп бағалаған.

Украина билігі Қырымда дауыс беруді ұйымдастырғандарға қарсы қылмыстық іс қозғауға дайын екендіктерін жеткізді. Бұған дейін Еуропа Одағы мен АҚШ Қырымда өткен Мемлекеттік дума сайлауының нәтижелерін мойындамайтындарын мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG