Accessibility links

Павлодарда әйелдер футболы фестивалі өтті


Футбол фестивалінен көрініс. Павлодар. 21 қыркүйек 2016 жыл.
Футбол фестивалінен көрініс. Павлодар. 21 қыркүйек 2016 жыл.

Бүгін Павлодарда FIFA ұйымдастыратын Live Your Goals әйелдер футболының фестивалі басталды. Шараға 6-15 жас аралығында 200 жуық мектеп оқушысы қатысып жатыр.

Live Your Goals - әйелдер футболын дамытуға арналған әлемдік бағдарлама. Шара барысында қыздар футбол ойнап, жаттығу өткізіп, мамандарға қызықтырған сұрақтарын қойды. Шараны ұйымдастырушылар Павлодардағы әр мектепке футбол добын сыйлады.

Биыл Қазақстан футбол федерациясы премьер-лигада ойнайтын барлық клубтың жанынан әйелдер командасын құруды міндеттеген. Бұл ереже 2018 жылдан бастап күшіне енеді.

Live Your Goals фестивалі бұған дейін Шымкент, Тараз, Алматы, Талдықорған және Өскеменде өткен. Шара 25 қыркүйекте Астанада аяқталады.

XS
SM
MD
LG