Accessibility links

Алеппода ауруханаға әуеден шабуыл жасалды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Алеппоның оңтүстік-шығысында орналасқан Хан Туман қаласында 21 қыркүйек таңертең әуеден шабуыл жасалған. Бомба қаладағы ауруханалардың біріне түсіп, төрт дәрігер және бірнеше Сирия оппозициясының әскерилері мерт болған. Бұл туралы Сириядағы адам құқығына қатысты бақылаушылар тобы хабарлады.

Қаладағы аурухананың иесі Union of Medical Care and Relief Organizations (UOSSM) төрт дәрігердің қаза тапқанын растады.

Бақылаушылардың мәлімдеуінше, әуе шабуылын Сирия үкіметінің әскері немесе Ресей әскерилері жасауы мүмкін. Әзірге ешқандай тарап әуе шабуылын өз мойындарына алған жоқ.

19 қыркүйекте Алеппо қаласында гуманитарлық көмек тиелген жүк көліктеріне әуеден шабуыл жасалып, 20 бейбіт тұрғын және бір қызметкер мерт болған. АҚШ бұл шабуылға Сирия үкіметінің әскері мен Ресейді айыптады.

XS
SM
MD
LG