Қазақстан премьер-министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин бастаған делегация Ташкентке барды. Бұл туралы премьер-министрдің ресми сайтында хабарланған.
Ташкентте Асқар Мамин Өзбекстанпрезидентінің міндетін атқарушы Шавкат Мирзияевпен келіссөздер жүргізеді.
Сондай-ақ Өзбекстан бірінші вице-премьері Рустам Азимовпен, премьер-министрінің орынбасары Улугбек Розукуловпен кездеседі
Тараптар Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынастардың жай-күйін, өнеркәсіптік әріптестікті, көлік-транзиттік саладағы ынтымақтастықты талқылайды.
Мамин Ташкентке Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен барған.