Ресей төтенше жағдайлар министрлігінетиесілі тікұшақтың бірі Мәскеу маңында апатқа ұшырады. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарланды.
Бортта болған үш экипаж мүшесі мерт болған. Министрліктің хабарлауынша, Ми-8 ұшағы 21 қыркүйекте жаттығу кезінде құлаған. Апат маңынан табылған тікұшақтың қара жәшігі тексеруге берілді.
Ресей мен постсоветтік елдердің әскери және азаматтық салаларында Ми-8 тікұшағы көп қолданылады.