Accessibility links

Президент Назарбаев Петропавлға барды


Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Солтүстік Қазақстан облысына сапары. 22 қыркүйек 2016 жыл.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарымен Солтүстік Қазақстан облысына барды.

Президент Назарбаев қайта жөнделіп жатқан Петропавл әуежайына барып, жұмыс барысымен танысты.

Ол егіс алқаптарына соғып, облыстағы ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілермен кездеспек. Ел президенті одан кейін Петропавлдағы спорт сарайында қала халқымен жолығады.

Президент Назарбаев бұған дейін Алматы мен Талдықорған қалаларына барып қайтқан.

  • 16x9 Image

    Нұргүл АЛИНА

    Нұргүл Алина – Азаттықтың Петропавлдағы тілшісі. 1990 жылы туған. Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Заң және  әлеуметтік білімдер магистрі. 

    Азаттықпен 2016 жылдан бері әріптес.

     

XS
SM
MD
LG