Қазақстанда 2017 жылдан бастап алкоголь өнімдеріне акциз 45 пайызға қымбаттайды деп мәлімдеген ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев Астанада бейсенбіде өткен салық салудың өзекті мәселелеріне арналған конференцияда.
Министрліктің мәлімдеуінше, 2017-2019 жылдары аралығында алкоголь өнімдеріне, сыра мен темекіге акциз мөлшерлемесін біртіндеп көтеру қарастырылған.
«Алкоголь өніміне акцизді арттырып жатырмыз. 2017 жылы баға литріне 2 мың теңгеге дейін, яғни оның алдындағы жылғымен салыстырғанда 45 пайызға өседі. 2018 жылы баға литріне 2 275 теңге (14 пайызға көп), ал 2019 жылы – 2 550 теңге (4 пайызға жоғары) болады» деген Қуандық Бишімбаев.