Accessibility links

АҚШ конгресі мүшелері Ресейді АҚШ-тағы сайлауға ықпал етпекші деп айыптады


АҚШ конгресі сенатына Калифорния штатынан сайланған Дайана Фейнштейн.
АҚШ конгресі сенатына Калифорния штатынан сайланған Дайана Фейнштейн.

АҚШ демократиялық партиясының көрнекті өкілдері, АҚШ конгресі барлау комитеттерінің мүшелері Ресейді компьютерлік желілерді бұзу арқылы қарашаның 8-і күні өтетін АҚШ президенті сайлауына ықпал етуге әрекет жасап отыр деп айыптады. Сонымен бірге олар Ресей президенті Владимир Путинді «ондай іс-әрекетті доғаруды тапсыруға» шақырған.

АҚШ сенаторы Дайана Фейнштейн мен өкілдері палатасының мүшесі Адам Шифф мәлімдемесінде қолда бар мәліметтерге сүйеніп, ресейлік барлау қызметтері «АҚШ-тағы сайлауға ықпал етуге шындап, дәйекті түрде талпынып отыр» деген қорытынды жасағаны жайлы айтқан.

Олардың пікірінше, ресейлік барлау қызметтеріне әлгіндей іс-әрекет жүргізу туралы тапсырма тек «жоғары тұрған ресейлік үкімет» тарапынан ғана берілуі мүмкін.

Ресей тарапы әзірше бұл мәлімдемеге қатысты ресми пікір білдірген жоқ.

XS
SM
MD
LG