Accessibility links

"Уральская неделя" редакторына қатысты сот басталды


Шағымданушы полицей Данияр Рақышев сотта жауап беріп тұр. Орал. 23 қыркүйек 2016 жыл.
Шағымданушы полицей Данияр Рақышев сотта жауап беріп тұр. Орал. 23 қыркүйек 2016 жыл.

Бүгін Оралда қалалық №2 сотта учаскелік полицей Данияр Рақышевтың "Уральская неделя" газетінің бас редакторы Тамара Еслямованың үстінен түсірген шағымын қарау басталды.

Полицей "Уральская неделя" басылымында жарияланған "Майор Рақышев сияқтылар неден қорқады?" деген мақалаға қатысты шағым түсірген. Еслямова өз мақаласында "21 мамырда Оралдағы жер сатуға қарсы акцияға келген журналистерді полиция жаппай ұстағаннан кейін Рақышев тілшілерден кешірім сұрады" деп жазған. Ал Рақышев ешкімнен кешірім сұрамағанын айтады.

Полицей "материал авторы беделіме нұқсан келтірді" деген пікір айтқан және Еслямовадан 10 миллион теңге (30 мың доллар) талап етіп отыр. Рақышев бұл қаржыны қаладағы балалар үйіне аударуды сұрайды.Келесі сот отырысы 12 қазанда өтеді.

XS
SM
MD
LG