Accessibility links

Египетте теңізде болған апат құрбандарының саны 160 адамнан асқан


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Египет жағалауына жақын теңізде мигранттар мінген қайық аударылып қаза тапқан адам саны жүз алпыс адамнан асты, тағы ондаған адамның тағдыры белгісіз қалып отыр деп хабарлады ВВС жұма күні.

Теңіз арқылы сапарды ұйымдастырушылар қайыққа мінген адамдардан суға батпайтын арнайы кеудеше үшін қосымша төлем талап еткендіктен, жолаушылардың көбінде ондай кеудеше болмаған. Апаттан кейін аман қалған экипаждың төрт мүшесі ұсталған, олар қылмыстық жауапқа тартылуы мүмкін.

Жерорта теңізінің Египетке жақын тұсында сәрсенбі күні апатқа ұшыраған қайықта Египет, Сирия және Африканың кейбір елдерінен шыққан – жиыны 600-ге жуық адам болған. Олар теңіз арқылы Италия жағалауына заңсыз жетпек болған. Апаттан кейін теңізден 150 адам құтқарылған.

Халықаралық көші-қон ұйымының мәліметі бойынша, жыл басынан бері Жерорта теңізінде 3 мыңнан астам мигрант опат болған.

XS
SM
MD
LG