Accessibility links

Астана түбінде көлік апатынан 9 адам зардап шеккен


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Астана маңында «Камаз» жүк көлігімен соқтығысқан минивэндегі жүргізуші мен сегіз жолаушы зардап шеккен деп хабарлайды sputniknews.kz агенттігі.

Жол-көлік оқиғасы жұма күні кешкі сағат сегіздің шамасында Астана түбіндегі Жібек жолы ауылы маңындағы Қарағанды - Астана тасжолында болған. Жанармай бекетінен шыққан жүк көлігі минивэнмен соқтығысып қалған.

Оқиға болған тұстан өткен автокөліктер жедел жәрдемнің келуін күтпестен зардап шеккендерді ауруханаға жеткізген. Олардың арасында басқаларға қарағанда жарақаты ауырлау бір адамды полиция патрулі көлігімен емдеу мекемесіне апарған.

XS
SM
MD
LG