Accessibility links

АҚШ-тың Берлингтон қаласында қылмыскер төрт адамды атып өлтірген


АҚШ полиция қызметкерлері. (Көрнекі сурет.)
АҚШ полиция қызметкерлері. (Көрнекі сурет.)

АҚШ-тың Вашингтон штатындағы Берлингтон қаласындағы Cascade Mall сауда орталығында жұма күні кешке белгісіз ер адам қарудан оқ атқан. Салдарынан төрт әйел қаза тауып, ауыр жараланған бір ер адам ауруханаға жеткізілген.

Қылмыскер із жасырып үлгерген. Оқиға орнын полиция қоршауға алған.

Полиция оқ атқан адам шабуылды жалғыз өзі жасаған болуы мүмкін деген болжам айтады. Билік орындары оқиға болған сауда орталығындағы бейнекамераға түсіп қалған сұр киімдегі мылтықпен қаруланған ер адамға іздеу жариялаған.

XS
SM
MD
LG