Accessibility links

Германияда Холокост куәгері Макс Маннхаймер дүниеден өтті


Макс Маннхаймер.
Макс Маннхаймер.

Сенбі күні Германияның Мюнхен қаласындағы ауруханада бұрынғы нацистік концлагерь тұқыны, 96 жастағы жазушы әрі суретші Макс Маннхаймер дүние салды. Отбасы мүшелерінің түгелге дерлігі Германияда нацистік режим билігі кезінде қырғынға ұшыраған қарияның Холокост қасіретін адамзат жадынан өшірмеуге қосқан үлесіне жоғары баға берген ел канцлері Ангела Меркель қазаға байланысты көңіл айтты.

1943 жылы 23 жасқа толар шағында Маннхаймерді жас әйелі және отбасымен бірге тұтқындап, Освенцим концлагеріне қамайды. Кейін оны Варшавадағы еврей геттосына ауыстырып, сол жерде қара жұмысқа салады. Одан соң Маннхаймер Дахау концлагеріне айдалғандармен бірге «ажал шеруінде» болған. Дахаудан кейін ол тағы екі лагерьде тұтқында болған.

1945 жылы сәуірде кезекті концлагерьге жөнелтілген вагондағы тұтқындармен бірге Маннхаймерді америкалық әскерилер азат етеді. Өз басынан өткерген сұмдықтар жайлы көп жылға дейін ашылып ешкімге айтпай келген Макс Маннхаймер 1980-жылдардың ортасынан бастап қалған ғұмырын антисемитизмге қарсы күреске арнауды ұйғарады. Ол мектептер мен университеттерде Холокост жайлы, оңшыл экстремизмді айыптаған дәрістер оқыған.

XS
SM
MD
LG