Accessibility links

Сепаратистік «ЛХР» басшысы кеңесшісінің өз-өзіне қол салғаны хабарланды


Геннадий Ципкалов. Луганск, 22 ақпан 2015 жыл.
Геннадий Ципкалов. Луганск, 22 ақпан 2015 жыл.

Шығыс Украинадағы өзін өзі жариялап алған «Луганск халық республикасы» басшысы Игорь Плотницкийдің кеңесшісі болған, «төңкеріс жасау әрекеті» ісі бойынша ұсталған Геннадий Цыпкалов өз-өзіне қол салған деп хабарлады сенбі күні журналистерге «ЛХР бас прокуратурасы» өкілі Сергей Рахно.

Бұған дейін Рахно «ЛХР бас прокуратурасы» билікті басып алу әрекеті оқиғасына қатысты қылмыстық іс қозғағаны жайлы хабарлаған. Төңкеріс әрекетіне байланысты «ЛХР» басшысы Игорь Плотницкий тұрғындарды «қырағылық танытуға» және «жағдайды іштен ірітуді көздейтін Киевтің арандатуына түсіп қалмауға» шақырған.

«ЛХР бас прокуратурасы» өкілдері төңкеріс әрекетіне қатысты іс бойынша тергеу барысында қару-жарақ пен оқ-дәрі жасырылған құпия орын табылғаны туралы хабарлаған.

XS
SM
MD
LG