Accessibility links

АҚШ-тың Балтимор қаласында көшедегі атыстан сегіз адам зардап шеккен


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

АҚШ-тың Мэриленд штатындағы Балтимор қаласында көшеде болған атыс салдарынан сегіз адам жараланған, арасында үш жасар қыз бала бар. Олардың өміріне қауіп жоқ деп хабарланды.

Полицияның ақпараты бойынша, сенбінің кешінде болған қарулы шабуылды үш адам жасаған. Оларды қазір іздестіріп жатыр.

Бұған дейін жұма күні Вашингтон штатындағы Берлингтон қаласында сауда орталығында белгісіз ер адам қарудан оқ атып, салдарынан бес адам қаза тапқан еді. Кейін ол қылмысқа күдікті ретінде осы штатта тұратын 20 жастағы жігіт ұсталған.

XS
SM
MD
LG