Accessibility links

Карикатура үшін айыпталған иордан жазушысын атып кетті


Мұхаммед пайғамбардың карикатурасына қарсы мұсылмандар наразылық акцияларының бірі. (Көрнекі сурет.)
Мұхаммед пайғамбардың карикатурасына қарсы мұсылмандар наразылық акцияларының бірі. (Көрнекі сурет.)

Иорданиялық жазушы Нахед Хаттарды бүгін Амманда сот ғимаратына кіреберісте атып өлтіріп кеткен. Христиан дінін ұстанған жазушы әлеуметтік желіде таратқан карикатураны кейбіреулер құдай мен ислам дінін қорлау деп бағалаған соң оған айып тағылып, ісі сотқа берілген еді.

Сирия президенті Башар Асадты қолдайтын Нахед Хаттар аспанда құдайдан өзіне шарап пен жаңғақ дәнін әкеп беруді сұрап, әйелдермен бірге төсекте шылым шегіп жатқан сақалды адам бейнеленген карикатураны таратқан соң тамыз айында тұтқындалған.

Иорданиядағы консервативтік көзқарастағы мұсылмандардың көбі ол карикатураны өздерінің дінін қорлау деп қабылдаған. Билік Нахед Хаттар әлгі карикатураны көпшілікке таратып, заң бұзған деп мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG