Венгрия билігі Будапеште жарылыс жасады деген күдіктіні іздеп жатыр. 24 қыркүйек күні кешке қарай қала орталығында болған жарылыстан сол маңда қарауылдап жүрген екі полиция қызметкері ауыр жараланған.
Полиция 25 қыркүйекте жасы 20-25 аралығындағы, бойы 170 сантиметр шамасындағы күдікті ер адамға іздеу жариялады. Құқық қорғау органдары жарылыс полицияға қарсы әдейі жасалған дейді. Күдіктіні ұстауға көмектесетін ақпаратқа 37 мың АҚШ доллары сыйақы да тағайындалды.
Күдіктінің жарылысты не себепті жасағаны әзірге белгісіз.
Кейбір ақпаратқа қарағанда, жарылыстан ауыр жараланған 23 жастағы әйел полицей мен 26 жастағы ер полицей операциядан соң жансақтау бөлімінде жатыр.