Батыс Қазақстан облысында жол апатынан бес адам қаза тапты. Ішкі істер министрлігі төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұловтың ақпаратына қарағанда, 25 қыркүйек күні кешке Орал-Атырау жолының 208-210 километрі аралығында жеңіл көлік пен "Газель" маркалы көлігі соқтығысқан. Жол апатынан екі көліктің жүргізушілері мен жеңіл көліктің үш жолаушысы мерт болған.
Instagram-дағы zello-atyrau тобында жарияланған жол апаты кезінде түсірілді делінген видеода қираған жеңіл көліктің өртеніп жатқаны түсірілген. Алдын ала болжам бойынша, көлік соқтығысқан соң өртенген.