Accessibility links

Меркідегі мұнай базасындағы өрттен жараланғандардың бірі көз жұмды


Жамбыл облысының аумақтық картасы (Көрнекі сурет).
Жамбыл облысының аумақтық картасы (Көрнекі сурет).

Жамбыл облысында ауруханада жергілікті мұнай базасында болған өрттен зардап шеккен үш адамның бірі қайтыс болды деп хабарлады Қазақпарат. 22 қыркүйекте Меркі ауданының Меркі ауылындағы мұнай базасында болған өрттен кейін базада жұмыс істейтін үш адам денелерінің көп бөлігін күйік шалып ауруханаға түскен.

"Өрттен зардап шеккендердің бірі, кәсіпорынның бас инженері Сергей Кимнің қайтыс болғаны қазір ғана белгілі болды. Қалған екі адамның жағдайы ауыр, олар жансақтау бөлімінде өкпесіне жасанды жел беретін аппаратта жатыр" деген облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Толқын Өмірбаева.

Меркі ауылындағы мұнай базасындағы өрт 22 қыркүйек күні бензинді құйып алу кезінде шыққан. Өрттен цистерна мен жанармай құятын екі резервуар және қойма өртенген.

XS
SM
MD
LG