Accessibility links

Сирияның қоршаудағы қалаларына гуманитарлық көмек жеткізілді


Еріктілер Дамаскі маңындағы аудандарға жеткен көліктерден БҰҰ гуманитарлық жүктерін түсіріп жатыр. Сирия, Тамыз 2016 жыл (Көрнекі сурет).
Еріктілер Дамаскі маңындағы аудандарға жеткен көліктерден БҰҰ гуманитарлық жүктерін түсіріп жатыр. Сирия, Тамыз 2016 жыл (Көрнекі сурет).

Сирияның қоршауда тұрған төрт қаласына гуманитарлық жүк тиеген жетпіс көлік жетті деп хабарлайды Қызыл Крест халықаралық комитеті. Гуманитарлық көмек бұл қалаларға алты айдан бері бірінші рет жеткізіліп отыр.

Гуманитарлық көмек мәселесімен айналысатын ұйым жүк көліктері Дамаскіге жақын Мадайя мен Забдани қалаларына және елдің солтүстік-батысындағы Әл-Фуа мен Кефрайя қалаларына жеткенін мәлімдеді.

Мадайя - Ливанмен шекараға жақын орналасқан, 40 мың адам тұратын қала. Қаланы Сирия үкіметімен одақтас күштер алты айдан бері қоршап тұр. Забаданиде шамамен 1 мыңға тарта адам ғана қалған.

Кефрайя мен Әл-Фуада БҰҰ мләметінше 20 мыңға тарта адам тұрады. Бұл қалаларды көтерілісшілер 2015 жылдың шілдесінен қоршап тұр.

Сирияда БҰҰ көмегін көрсетудің соңғы операциялары 48 сағаттық бітім әуе шабуылы салдарынан үзілген соң тоқтаған. Өткен аптада Алеппоның батысында БҰҰ-ның гуманитарлық жүк тиеген 31 жүк көлігінен тұратын керуені шабуылға ұшыраған. Шабуылдан 20 бейбіт тұрғын қаза тауып, қойма жойылған. Бұдан соң БҰҰ құрлықпен жүк жеткізуді уақытша тоқтатқан.

XS
SM
MD
LG