Accessibility links

Матаевтар ісі бойынша сотта жарыссөз басталды


Сейітқазы Матаев (оң жақта) пен оның ұлы Әсет Матаев Астанада өтіп жатқан сотта

Астанада Қазақстан журналистер одағының төрағасы, қаржы жымқырды және салықтан жалтарды деп айыпталған Сейітқазы Матаевтың сотында тараптардың жарыссөзі басталды деп хабарлайды Азаттық тілшісі. Есіл аудандық №2 сотында қаралып жатқан іс бойынша Матаевтың ұлы, ҚазТАГ агенттігінің жетекшісі Әсет Матаев та айыпталып отыр. Матаевтар өздеріне тағылған айыптарды мойындамайды.

Сот басталғаннан бері Матаевты қан қысымы көтерілуіне байланысты кем дегенде үш рет жедел жәрдем көлігімен ауруханаға апарды.

Құқық қорғау ұйымдары Матаевтарға тағылған айыптардың саяси астары бар дейді.

  • 16x9 Image

    Өркен ЖОЯМЕРГЕН

    Өркен Жоямерген 2006 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетінің бакалаврын, 2008 жылы магистратурасын тәмамдаған. Қызмет жолын "Алматы Ақшамы" газетінен бастаған. Алматы және Астана қалаларындағы бірқатар бұқаралық ақпарат құралдарында жұмыс істеген. Қазір Азаттық Радиосы Астана бюросының жетекшісі. 

    Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуіңізге болады.

XS
SM
MD
LG