Accessibility links

Ставропольде белгісіз адамдар имамды атып кетті


Ставрополь өлкесінің бас мүфтиі Мухаммад Хаджи Рахимов.
Ставрополь өлкесінің бас мүфтиі Мухаммад Хаджи Рахимов.

Ресейдің Солтүстік Кавказ аймағындағы Ставрополь өлкесінде жергілікті мешіт имамының орынбасары қастандықтан қаза тапты.

Ставрополь өлкесінің бас мүфтиі Мухаммад Хаджи Рахимов Кара-Тюбе ауылы мешіті имамының орынбасары Равиль Кайбалиевті 26 қыркүйекте белгісіз біреулер атып кеткенін хабарлады.

2015 жылы тамызда Кайбалиевке дейінгі имам орынбасары Замирбек Махмутовты да белгісіз адамдар атып кеткен еді.

Кайбалиев - 2012 жылдан бері Ставрополь өлкесінде белгісіз адамдар өлтіріп кеткен жетінші имам.

Имамдарды Ресейдің ресми тіркелген Мұсылмандар діни басқармасы тағайындайды. Діни басқарма негізінен үкіметтің саясатын қолдайды және қалыпты исламды насихаттайды.

Солтүстік Кавказда имамдарға Ресейден бөлініп, аймақта "ислам халифатын" құруды көксейтін радикалдық исламшыл топтар жиі шабуыл жасайды.

XS
SM
MD
LG