Алматы облысының Қаскелең қаласында продюсер Баян Есентаеваны өлтіруге оқталу ісі бойынша сот басталды. Бұл іс бойынша оның күйеуі Бақытбек Есентаевқа айып тағылған. Сот ісі Алматы облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында жабық түрде өтіп жатыр. Бұл іс бойынша алдын ала тыңдау 14 қыркүйекте өткен.
ҚазАқпараттың Есентаевтың адвокаты Бекболат Жексейітовке сілтеме жасап хабарлауынша, бүгінгі сотта алқа сотына кандидаттар іріктелуі тиіс болған. Бірақ Жексейітовтің айтуына қарағанда, сот кворум болмағандықтан алқа сотын таңдау процедурасын жарамсыз деп таныған. Прокурор екі кандидатты алып тастаған.
Бақытбек Есентаев биыл маусымда - Баян Есентаева денесіне түскен пышақ жарақаттарымен Талғар аудандық ауруханасына түскен соң ұсталған. Оны ауруханадан 10 күннен соң шығарған. Жергілікті агенттіктердің хабарлауынша, Баян Есентаева бүгінгі сотқа келмеген.
Келесі сот отырысы 18 қазанда Талдықорғанда өтеді деп белгіленген.