Accessibility links

Түркия: Бүліктен соң 32 мың адам сотталады


Бекир Боздаг, Түркия әділет министрі.
Бекир Боздаг, Түркия әділет министрі.

Түркияда 32 мыңнан астам АҚШ-ты тұратын дін қайраткері, Анкара мемлекеттік төңкеріс жасамақ болды деп айыптаған Фетхулла Гуленмен байланысы бар деген күдікпен қамауға алынды.

Түркия әділет миинстрі Бекир Боздагтың 28 қыркүйекте түрік телеарнасына берген сұхбатында айтуынша, шілдеде болған мемлекеттік төңкеріс әрекетінен соң 70 мың адам тергеліп, олардың 32 мыңы сот санкциясы бойынша қамалған.

"Тергеу процесі жалғасып жатыр" деді Бекир Боздаг. Бұған дейін Анкара 10 мыңға тарта адам қамалғанын хабарлаған еді.

Боздаг 30 мыңнан астам адамды соттау Түркияның құқықтық жүйесі үшін сынақ болатынын, сот процестері елдің барлық аймақтарында өтетінін айтты. "Сот процестерінің қалай өтетіні белгісіз" деді Боздаг.

1999 жылдан бері АҚШ-та тұратын Фетхулла Гүлен өзіне тағылған айыптарды жоққа шығарады. Анкара бүліктен соң Вашингтоннан Гүленді қайтаруды ресми түрде сұраған. Боздаг АҚШ Анкараға Гүленді қайтару туралы өтінішіне таяудағы бірнеше күнде жауап беретінін білдіргенін айтты.

XS
SM
MD
LG