Accessibility links

ОПЕК елдері мұнай өндірісін шектеуге алдын ала келісті


Мұнай ұңғымалары (Көрнекі сурет).
Мұнай ұңғымалары (Көрнекі сурет).

ОПЕК құрамындағы елдер соңғы сегіз жылдан бері бірінші рет мұнай өндірісін шектеу туралы алдын ала келісім жасасты. Осының нәтижесінде әлемдік нарықта мұнай бағасы көтерілді. Ұйым өкілдері мұнай картелі әрбір елдің қанша көлемде мұнай өндіруі тиіс екенін 30 қарашада Венада өтетін кездесуінде келісетінін хабарлады. ОПЕК бұған қоса әлемдік нарықтағы жағдайды жақсарту үшін басқа мұнай экспорттаушы елдердің қолдауын алуды жоспарлайды.

2014 жылдың ортасынан бастап мұнай баррелінің бағасы екі еседен астамға құлдыраған. ОПЕК елдері өзара уағдаласты деген хабар нарыққа әсер етіп, мұнай баррелінің бағасы бес пайыздан астамға қымбаттады. Бұған дейін Алжир энергетика министрі мұнайды қайта өндіру мәселесімен барынша айналысып, нарықты тұрақтандыруға күш салу қажетін мәлімдеген.

Құрамына 14 мемлекет ОПЕК әлемде экспортталатын мұнайдың 40 пайызын бақылайды. Бірақ басты өндірушілер, оның ішінде Ресей бұл ұйымға кірмейді. Сарапшылар әлемдік нарықта мұнай бағасы арзандауының себептерінің бірі ретінде АҚШ-та мұнайды жанғыш тақтатастан өндірудің дамуын атайды.

XS
SM
MD
LG