Accessibility links

FBI: АҚШ сайлаушылар базасын бұзу әрекеттері тағы байқалды


Джеймс Коми, FBI директоры
Джеймс Коми, FBI директоры

АҚШ Федералдық тергеу бюросының (немесе FBI) директоры Джеймс Коми сайлаушыларды тіркеу жүйесін жаңадан "заңсыз бұзып кіру" әрекеті болғанын мәлімдеді. 28 қыркүйекте конгресте сөйлеген Коми бюро жүйеге ресейлік хакерлер АҚШ-та болатын сайлауға кедергі келтіру үшін шабуыл жасамақ болуы мүмкін деп болжап отырғанын мәімдеді.

Тамызда FBI кем дегенде екі штат - Иллинойс пен Аризонада сайлаушыларды тіркеу жүйесі хакерлік шабуылға ұшыраған соң ондаған штаттың билігіне қауіпсіздік шараларын күшейтуге шақырған. "Бірнеше желіде скан жасау әрекеті болғаны анықталды. Бұл әдетте жүйеге заңсыз енетін кезде болады. Сонымен қатар сайлаушыларды тіркеу жүйесіне бірнеше рет заңсыз бұзып кірмек болған әрекеттер жасалды" деді Коми. Ол бұдан өзге ақпарат айтпады.

АҚШ құқық қорғау органдарындағы аты-жөнін айтпаған дереккөз CNN телеарнасына сайлаушыларды тіркеу жүйесін бұзу әрекеттері оннан астам штатта тіркелгенін айтқан. Дереккөзінің мәліметіне қарағанда, жүйеге кіру әрекетіне кейбір мәліметтер бойынша, Ресейдің қатысы бар.

XS
SM
MD
LG